Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

- ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ШЕКТЕУЛІ НЕМЕСЕ НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ТИІМДІЛІКТЕРІ МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Жарияланған September 2025

32

18

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Жансая Джанпейсова

3 курс PhD докторанты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Әсел Сарсенова

Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Аңдатпа

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен орта білім беру проблемаларын теориялық, әдіснамалық тұрғыдан талдау және жаңа технологиялардың пайда болуы есту қабілеті шектеулі немесе нашар еститін балаларды оқытуды жеңілдететін жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалық материалдар жасауды талап етті. Есту қабілеті шектеулі балаларға инклюзивті білім беру еститін құрдастарының ұжымында бірдей жағдайда оқуды қамтиды, сондықтан есту қабілеті нашар баланы еститін құрдастарымен қарым-қатынас жасау барысында психологиялық-педагогикалық қолдау өте маңызды. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты барлық балалардың ақыл-ой, психологиялық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана тіліне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан оқуы мен нәтижелі табыстылығы үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ балаларға білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мақаланың мақсаты - Қазақстандағы сесту қабілеті шектеулі немесе нашар еститін балаларға арналған инклюзивті білім берудің тиімділігін анықтау және оның алдында тұрған мәселелерді талқылау. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық бөлігінде сапалы зерттеу әдісі таңдалды, ал респонденттер «snowball» әдісін қолдана отырып, сараптамалық сұхбат алу үшін таңдалды. Сұхбат жүргізу үшін орта мектеп қызметкерлері тартылды. Зерттеу Қазақстанның Шығыс бөлігіндегі арнайы орта мектепте жүргізілді (мақалада орта мектептің ресми атауы респонденттердің жеке басының құпиялылығы туралы екіжақты келісімдерге сәйкес нақты көрсетілмеді).

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Janpeisova, Z. і Sarsenova, A. 2025. - ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ШЕКТЕУЛІ НЕМЕСЕ НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ТИІМДІЛІКТЕРІ МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 291–300. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.026.