Жоғары оқу орындары инновациялық білім беру тұжырымдамаларын қалыптастырудың орталығы бола отырып, тұлғаның креативті қасиеттерін дамыту үшін оңтайлы жолды үнемі іздеуде. Сонымен қатар, өзекті мәселе – болашақ мұғалімдердің инновация құндылықтарын түсінуі, зерттеушілік қабілеттерін, іске асырылмаған ресурстарын, ғылыми қызметтегі өзін-өзі дамытуды өзектендіруі болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің ғылыми-инновациялық әлеуеті – бұл инновациялық идеяларды генерациялауға мүмкіндік беретін жеке қабілеттер мен ресурстарды, ішкі мүмкіндіктер мен қызмет жағдайларын салыстыру дағдыларын, ғылыми кеңістіктегі жағдайларды талдау қабілетін қамтитын күрделі интегративті тұлғалық сипаттама ретінде қарастырылады.
Осы зерттеудің мақсаты – болашақ мұғалімдердің ғылыми-инновациялық әлеуетінің даму ерекшеліктерін эксперименттік бағалау. Зерттеуге қатысушылар: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 4-курс студенттері мен 1-курс магистранттары, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттік және магистрлік жұмыстардың ғылыми жетекшілері. Зерттеу құралдары ретінде өзіндік есеп беру шкалалары мен сауалнамалар қолданылды.
Мақалада студенттердің ғылыми-инновациялық іс-әрекетке деген қызығушылық танытуын және оны педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде арнайы ұйымдастыру қажеттігін айқын көрсететін констатациялық эксперимент нәтижелері ұсынылған.

