Бұл мақала заманауи білім берудің өзекті мәселесі – қашықтықтан оқытуға арналған. Бүгінгі таңда еліміздің дамуының бірден-бір жолы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жаңа инновацияларды енгізу болып табылады. Аталмыш мақалада медициналық университеттің маңызды компоненттері қарастырылған, олардың қатарында оқытушының, студенттің электронды бірлестікте жұмыс жасауы. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары мен ерекшеліктері және Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытудың өзекті мәселелері көрсетіліп анықталған. Қашықтықтан оқыту білім берудің жаңа моделін құруға септігін тигізеді. Мақаланың негізгі міндеті – қашықтықтан оқытуды оқытудың жаңа түрі ретінде негіздеу және дәлелдеу. Мақалада оқыту формаларына талдау жасалады, қашықтықтан оқытуды дамытудың негізгі бағыттары және қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқыту арасындағы айырмашылықтар көрсетілген. Қашықтықтан оқытуда білім алушылар мен оқытушылар шешетін мәселелер анықталды. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі оқыту курстарын жобалау мен іске асырудың негізін құрайтын педагогикалық технологияларды қолдану арқылы анықталады.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛАУҚАТЫН КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған May 2021
98
75
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Баракова А.Ш1., Жусипбекова Ш.Е2, . і Баракова Жусипбекова, А.Ш. 2021. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛАУҚАТЫН КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 65, 4 (Трав 2021), 128–133. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7847.25.