Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

Жарияланған December 2024

236

51

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нұргүл Сүйіндікова

 8D03117 «Клиникалық және әлеуметтік психология» мамандығы бойынша докторант. SDU University аға оқытушысы 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ольга Тапалова

Зерттеуші профессор, психология ғылымдарының докторы

Аңдатпа

 Мінез-құлық денсаулығы қазіргі психологиялық әдебиетте, ғылыми зерттеулерде, заңнамада, психиатриялық және психологиялық көмек көрсету тәжірибесінде ең даулы әрі күрделі салалардың бірі болып табылады. Бұл феноменді анықтаудың күрделілігі оның шекараларының анық еместігіне және оны әлемдік әрі қазіргі қазақстандық практика мен ғылымда әртүрлі түсіндірілуіне байланысты. Біздің елімізде мұндай екіұштылықтың түп-тамырлары осы феноменнің дамуына айтарлықтай әсер еткен тарихи факторларда, сондай-ақ ұжымдық және жеке сананың ерекшеліктерінде жатыр.

Мақалада мінез-құлық денсаулығы және оған қатысты нормалар мен бұзылулар туралы түсініктерді қалыптастыру тәсілдері қарастырылады. Кеңес дәуірінен қалған мұраның осы салаларға тигізген әсері және оның қазіргі бұзылыстарды анықтау тәсілдеріне ықпалы талданады. Клиникалық, сот психологиясы және патопсихологияның қазіргі даму кезеңіне ерекше назар аударылады. Мақалада тарихи контексттерді және олардың қазақстандық ғылымның қазіргі үрдістеріне әсерін ескеру маңыздылығы атап өтіледі.

Бұл зерттеу мінез-құлық денсаулығына және оның бұзылыстарына қатысты тәсілдерді қалыптастыру ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және елімізде психикалық денсаулық саласында халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің, сондай-ақ тарихи негізделген факторлардан арылудың қажеттілігін көрсетеді, себебі олар неғұрлым заманауи, әмбебап және ғылыми дәлелденген әдістерді енгізуге кедергі келтіреді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Суюндыкова, Н. і Тапалова, О. 2024. МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ: ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ БАҒЫТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 81, 4 (Груд 2024), 22–39. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.81.4.002.