Мақалада толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың психологиялық ерекшеліктері зерттелді. Ата-анасының біреуінің болмауы балалардың эмоционалды және әлеуметтік дамуына айтарлықтай әсер етеді. Қазақстанда статистикалық деректер бойынша соңғы жылдары толық емес отбасылар саны 476 мыңды құраған. Мұндағы басты себеп – ажырасу. Мақалада осындай отбасыларда кездесетін типтік мәселелер, соның ішінде баладағы пайда болатын психологиялық жарақаттар талданды. Психологиялық жарақаттардың пайда болу себептері анықталды. Біз толық емес отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата-аналардан сауалнама алдық. Сауалнама Аченбахтың балалардың мінез-құлқы шкаласы (CBCL) негізінде жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде 100 баланың 17-де психологиялық жарақаттар бар екені анықталды. 17-нің баланың 13-нің психологиялық жарақаты толық емес отбасымен тікелей байланысты болса, 4-де әртүрлі себептерге байланысты туындаған. Мақаланың мақсаты – толық емес отбасындағы балалардың тәрбиеленуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар ата-аналардың біреуінің болмауы баланың дамуына қалай әсер ететінін талдау.
ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
Жарияланған December 2024
134
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
