Мақалада өмір сапасы, өмір сапасын субьективті бағалау ұғымдарының мәні психологиялық жағынан жан жақты талданған.Өмір сапасы қанағаттану деңгейінің түрлі аспектілерін қамтитын тұлғаның қоршаған ортадағы жағдайларына қанағаттануы деп түсінуге болады. Сонымен қатар өмірдің субьекті сапасы ұғымы адамның өзінің өміріне,оның қанағаттану деңгейіне қатынасын қамтамасыз етеді.
Адам болмысының жағымды жақтарын түрлі мағынада сипаттайтын ұғымдар бар, мәселен «өмірге қанағаттану», «субьективті әл-ауқат», «бақыт», «өмір сапасы», «денсаулық». Мақалада осы ұғымдар туралы зерттеген алыс-жақын шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жүйелі талдау берілген. Олардың ғылыми тұжырымдары субьективті әл-ауқат, бақыт, өмірге қанағаттану, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру, мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін тұж ырымдауға және дамытуға өзіндік ықпалы болды деп ой түйіндеуге негіз болды.
Өмір сапасын бағалау өлшемдерінің обьективті,субьективті және интегралды жақтары қарастырылып, әрқайсының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берілген.
Субъективті өмір сапасын зерттеу нетижелеріне сүйене отырып, мынадай қоритынды жасауға болады: өмір сапасына әсер ететінт объективті фактор адамның бастан өткеретін жеке сезімдеріне қарағанда маңызды рөл атқармайды.
