Мақалада WorldSkills халықаралық қозғалысының әлемдік шолуы қамтылған, онда оның әртүрлі елдердегі шығу тарихы ашылған. Мақалада жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған WorldSkills қозғалысы жұмысы тұжырымдалады және талданады. Оның Қазақстандағы дамуы және Қазақстан Республикасының WorldSkills қозғалысына кіруіне қатысты негізгі түйінді сәттер қарастырылып, онда өңірлік және республикалық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу жүйесін жетілдіру, әріптестік және сараптамалық қоғамдастық институттарды дамыту барысы орын алған. Авторлар Қазақстан WorldSkills бағдарламасына 2014 жылы кіріп, WSI-нің 70-ші мүшесі болғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде қазақстандық студенттер Әлем чемпионаттарында жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіледі. Мақалада Қазақстанның әлем чемпионаттарында үздік көрсеткіштерге ие екендігі және "Жас маман" жобасы шеңберінде демонстрациялық емтихан өткізу, сондай-ақ сертификатталған сарапшыларды даярлау арқылы дамуын жоспарлап отырғандығы баяндалған. Сондай-ақ, бұл қозғалыстың басты маңыздылығы мен құндылығы - бұл жастардың кәсіптік бағдарлау тетіктерін қалыптастыруға, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларына бағытталған болашақ мамандығының кадрларын даярлауға бағытталған кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің даярлығына сапалы сараптама жүргізуге мүмкіндік беруі. Авторлар ЭЫДҰ ұйымдастыруымен және 19 елден келген 18-24 жастағы жастар өкілдерінен сауалнамаға қатысқан респонденттердің онлайн-сауалнаманың жиынтық деректерін талдап, жинақтайды. Ұсынылған мақаланың негізгі әдістері ғылыми-теориялық және әдіснамалық әдебиеттердің, сондай-ақ ақпараттық дереккөздердің аналитикалық-синтетикалық және компаративті әдістері болып табылады.
WORLDSKILLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған October 2024
23
27
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Касенова , .К., Сеитова , Н., Женсикбаева, .А. . і Калиева , А. 2024. WORLDSKILLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 80, 3 (Жов 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.80.3.022.