Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

Жарияланған October 2024

74

67

Аңдатпа

Мақала өзекті проблеманы, атап айтқанда  оқу үлгеріміне арналған. Бұл проблема тек оқу үдерісінің қатысушыларын ғана емес, сонымен қатар педагогтар мен психологтардың ғылыми ортасының да ерекше алаңдаушылығын тудыруда. Өйткені оқу үлгерімі - бұл мектеп өмірінің көп қырлы құбылысы, сондықтан да ол жан-жақты  зерттеуді талап етеді. Сондықтан авторлар бұл мәселені  оны тек  әлеуметтік, педагогикалық проблема ретінде ғана емес, басты психологиялық проблема ретінде қарастырған.  Ғылыми әдебиеттер негізінде оқушылардың үлгеріміне теріс әсер ететін факторларды, себептер мен жағдайларға жете талдау жасалған. Жүргізілген зерттеу барысында  бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімінің басты психологиялық факторы ретінде -мұғалімнің қарым-қатынас стилін анықтаған.  Зерттеуде  мұғалімдердің  педагогикалық  қарым-қатынас  стилі  әдістемесі (А.Б.Майский  және Е.Г.Ковалева); Филлипстің мектептегі үрейленуін анықтау әдістемесі қолданылған. Сонымен қатар оқушылардың оқу үлгерімін анықтау мақсатында пән мұғалімдерімен әңгімелесу, оларға сауалнама жүргізу, оқушыларды бақылау және сынып журналын талдау арқылы диагностикалық жұмыстар кеңінен орын алды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джанзакова , Ш., Жұмашева , Н., Кадыргалиева , С. . і Абдрахманова , Г. 2024. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 80, 3 (Жов 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.80.3.019.