Бұл мақалада тұлға психологиясындағы көшбасшылық мәселесі төңірегінде зерттелген жұмыстарға салыстырмалар келтіріліп және тұлға көшбасшылығын қалыптастыратын, отбасылық, қоршаған орта сынды факторларға талдау жасалынады. Көшбасшы тұлғаның типтеріне анықтама беріліп, олардың бойындағы негізгі қасиеттеріне сипаттама беріледі.
Сонымен қатар, әйгілі көшбасшы тұлғалардың лидерлік ерекшеліктерін саралап, сөз еткен. Көшбасшылықтың мәні,мейлі ол туа бітіп немесе кейінірек қалыптасса да, бұл жағдайды оң деп қарастыру қате тұжырым болатындығы айтылады.Шынайы көшбасшыны-көшбасшы деп анықтайтын, оның әрекеттеріне арқау болатын күш жөнінде толығырақ ақпараттар келтірілген.