Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІНДЕГІ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙІП ҚАЛУЫМЕН КҮРЕСТЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН (КҮРЕСУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН) ҚОЛДАНУ

Жарияланған September 2024

63

34

Тұран Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Алия Утеулова

«Психология» ОБ-ның 2 курс докторанты

Тұран Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Марат Асимов

м.ғ.д., «Психология» кафедрасының профессоры

Сегед университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Беттина Пико

пс.ғ.д., мінез-құлық және денсаулық ғылымдарының профессоры

Аңдатпа

Қазіргі кәсіби қызметтің өзекті мәселелерінің бірі – эмоционалды күйіп қалу қаупі. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, әсіресе онкологиялық мейірбикелер, кәсіби міндеттері мен жұмыс атмосферасының ерекшеліктеріне байланысты тез эмоционалды шаршау мен психологиялық күйзеліске ұшырайды. ЭКҚС ауырлығын төмендету үшін медбикелер өзін-өзі игерудің белгілі бір стратегияларын немесе әдістерін қолдана алады. 

Әдістері. Бастапқыда біз осы мәселеге қатысты зерттеулер мен негізгі ұғымдарға теориялық талдау жасадық. Эмоционалды күйіп қалудың ауырлығын және медбикелердің жеке басына тән өзін-өзі игеру әдістерін талдау үшін орыс тіліне аударылған К. Маслач пен С. Джексонның "Кәсіби күйіп қалу" және Р. Лазарус пен С. Фолкманның "Мінез-құлықты басқару тәсілдері" деген сауалнамалар қолданылды.

Нәтижелер. Теориялық зерттеуде эмоционалды күю мен өзін-өзі басқару әдістерінің ұғымдарын қарастырғаннан кейін біз копингтік стратегияларының негізгі түрлерін талдап, схемалық түрде ұсындық. Эмпирикалық зерттеу ретінде қазақстандық медбикелерге кәсіби күйіп қалу деңгейін және өзін-өзі игерудің 8 базалық әдісінің практика жиілігін диагностикалауға мүмкіндік беретін екі сауалнама ұсынылды. Диагностикалық нәтижелер онкологиялық медбикелер арасында ЭКҚС дамуының орташа деңгейінің басымдылығын және өзін-өзі бақылау стратегиясын жиі қолдануды көрсетеді.

Зерттеудің құндылығы. Бұл мақала және ондағы ғылыми зерттеу нәтижелері онкологиялық орталықтардың немесе бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ эмоционалды күйіп қалу мәселесін зерттейтін клиникалық психологтарға қызықты әрі пайдалы болуы мүмкін.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Утеулова, А., Асимов, М. і Пико, Б. 2024. ОНКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІНДЕГІ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙІП ҚАЛУЫМЕН КҮРЕСТЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН (КҮРЕСУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН) ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 80, 3 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.80.3.008.