Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған July 2024

36

44

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Арнайы педагогтер өздерінің кәсіби қызметінде күйзеліске ұшырайды. Бұл факт олардың күйзеліске төзімділігіне әсер ететін факторлардың спектрін зерттеудің қажеттілігі мен маңыздылығын анықтайды. Дереккөздерді теориялық талдау арнайы педагогтердің күйзеліске төзімділігінің ерекшеліктерін, құрылымдық компоненттерін және психологиялық ресурстарын анықтауға мүмкіндік берді. Арнайы педагогтердегі күйзеліске төзімділік жұмыс қабілеттілігінің бұзылуының алдын алуға бағытталған психика ресурстарын белсендіруде көрінетін сапа ретінде қарастырылады.

Зерттеу арнайы педагогтерде күйзелістік жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың бейімделуін және күйзелістің ауырлығын анықтайтын психодиагностикалық әдістерді қолдана отырып жүргізілді. Нәтижелер респонденттерде күйзеліске төзімділіктің басым деңгейлерін анықтады. Зерттеуге қатысушылар күйзелістік жағдайда шамадан тыс жұмыс істеудің жоғары дәрежесін көрсетті, өзін-өзі бақылаудан және мінез-құлқын бақылаудан айырылды. Респонденттердің басқа тобында күйзелістік жағдайда әрдайым адекватты мінез-құлық байқалмады; тіпті кішігірім кәсіби оқиғалар олардың эмоционалды тепе-теңдігін бұзуы мүмкін екендігі анықталды. Зерттеуге қатысушылар арасында күйзеліске төзімділіктің жоғары деңгейін көрсеткендер де болды. Зерттеу нәтижелері, жалпы алғанда, оның қатысушыларының көпшілігі өздерінің кәсіби қызметімен байланысты күйзеліске төзімділіктің жеткіліксіздігімен сипатталады, бұл олардың кәсіби қызметтегі күйзелістік жағдайларды сәтті жеңу дағдыларын дамыту қажеттілігін көрсетеді.

Бұл мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR 18574162 «Арнайы мұғалімдерді инклюзивті-бағдарлы оқыту» тақырыбы бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында дайындалған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразаева Г.С, . і Лиходедова Л.Н. , . 2024. АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 79, 2 (Лип 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.79.2.026.