Мақалада девиантты міне-құлық түсінігі, девиация классифкациясы көрсетілген. Девиантты мінез-құлыққа ие адамдармен жұмыс жасауға бағытталған психологтың негізгі басты әрекеті, психотехнологияларды жүйелеу негізінде адамды қоғамға әлеметтендіруге бейімдеу.
Нормадан ауытқуға, тұлғаның деградациясына тікелей немесе жанама әсер ететін көптеген себептер бар, бірақ олардың қайсысы девиантты мінез-құлықтың пайда болуына жиі әсер етеді деген сұрақ, осы мақалада келтірілген. Жеке тұлғаның әл-ауқаты мен дамуына тікелей әсер ететін басты себептердің бірі – отбасы. Егер отбасы әлеуметтік-психологиялық мәдениетке ие болмаса, ол ауытқудың әр түрлеріне тікелей әсер ететін деструктивті мінез-құлықты тудырады.
Маманның қызметін талдауда немесе дамытуда психотехнологияның не екеніне және оның құрамдас бөліктеріне ерекше назар аударылады. Бұл мақалада маманның іс-әрекетіндегі девиантты ауытқудың әртүрлі түрлерімен тәжірибеде қандай психотехнологиялар әзірленіп, енгізілгеніне ерекше рөл аударылды. Тәжірибеде адаммен жұмыс жасауда отбасымен бірге жүретін технологиялар осы мақалада жүйелі және жан-жақты ашылған.