Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Жас әйелдердің өмір сапасы: психометриялық талдау

Жарияланған March 2024

81

65

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Алмат Нурадинов

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, психология ғылымдарының кандидаты, доцент психология

Климент Охридский атындағы София университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Илиева С.Е .

Климент Охридский әулие атындағы София университеті,  психология ғылымдарының докторы, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, клиникалық және педагогикалық психология кафедрасының профессоры

Аңдатпа

Жас әйелдердің өмір сапасын бағалауға жүйелі көзқарас халықтың тұтас тәжірибесін, рухани құндылықтарын және оның тарихын ескереді. Мақалада жас әйелдердің жалпы психологиялық саулығына, өмірге қанағаттануы мен бақытына әсер етуі мүмкін өмір сапасының негізгі психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Өзін анықтауға және өзін-өзі бағалауға, қиындықтарды жеңуге және стрессті басқаруға ерекше назар аударылады. Зерттелетін объектінің психологиясын терең талдауға ықпал ететін және жас әйелдердің өмір сапасын жақсартуға жол табуға мүмкіндік беретін деректерді іріктеу мен эмпирикалық талдауға құрылымдық көзқарас жүзеге асырылады.   Жас әйелдердің өмір сапасын психометриялық талдауда, «Психологиялық саулығын» PERMA-Profiler (J.Butler, M.L. Kern 2016), Э. Диннер әріптестерімен құрастырған «Өмірге қанағаттану» және «Бақыт» (Oxford Happiness Inventory, OHI) М. Аргайл саулнамалары негізінде дайындалған авторлық «Өмір сапасын бағалау» сауалнамаларының бір-бірімен байланысы мен айырмашылықтары анықталып, нәтижелері ұсынылды. Бұл мақала белгісіздік жағдайындағы шындықтың қазіргі жағдайдың парадигмасындағы Қазақстанның жас әйелдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Жас әйелдердің психологиясын талдауға терең кешенді көзқарас болашақ өмір сапасының болашақ өсу динамикасын бағалауға ғана емес, болжауға да мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Медетбекова, А., Нурадинов, А., ., И.С. і ., Б.Г. 2024. Жас әйелдердің өмір сапасы: психометриялық талдау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.002.