Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге арнайы педагогтың психологиялық дайындығы қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұғымына талдау жасалады, арнайы педагогтарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге дайындаудың қолданыстағы әдіснамалық тәсілдеріне шолу жасалады.
Авторлар мақалада жалпы білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтың кәсіби қызметінің жаңа функциялары мен міндеттерін анықтай отыра, соған сәйкес арнайы педагогтың көрсетілген міндеттер мен функцияларды орындауға психологиялық дайындығының негізгі компоненттері бөліп көрсетеді, құрылымдайды және сипаттайды. Инклюзия жағдайында жұмыс істеуге арнайы мұғалімдердің жалпы дайындығындағы психологиялық компонентті бөліп көрсету ерекше қызығушылық тудырады, себебі инклюзивті білім беруде олардың кәсіби қызметі балалардың дамуы мен жеке әртүрлілігінің бұзылуының үлкен өзгергіштігі жағдайында, сондай-ақ оның барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруі керек әр түрлі білім беру ортасында жүреді. Тиісінше, авторлар арнайы педагогтардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға психологиялық дайындығының сипаты және олардың инклюзивті білімге қатынасы негізінен мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасына біріктірудің сәттілігін анықтайды деген қорытынды жасайды. Мақала АР14870333 «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбында ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру аясында жазылды.