Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланған April 2024

34

52

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Мақалада магистранттардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша эмпирикалық зерттеу нәтижелері қарастырылады.

Авторлар ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, «цифрлық құзыреттілік» және «цифрлық сауаттылық» ұғымдарының мәнін ашуға тырысады.

Әдебиеттерге сүйене отырып, біз «цифрлық құзыреттілік» туралы келесідей түсінік қалыптастырдық, яғни ол заманауи цифрландыру саласында технологияларды пайдалану, осы  салада туындаған түрлі мәселелерді шешуге бағытталған қабілеттер жиынтығы: мысал ретінде қарастырылатын мәселе бойынша ақпарат іздеп, бөлісу, сол мәселені шешуде пайда болған сұрақтарға жауап беру, өзге адаммен  мақсатқа жетуде өзара әрекеттесу, сонымен бірге компьютерлік бағдарламалауды қоса алғанда, цифрлық инструментерді пайдалану. Аталмыш құзыреттілік цифрлық ынтымақтастық, қауіпсіздік және мәселелерді шешу қабілетін қамтуы керек.

Зерттеу барысында авторлар түрлі көзқарастарды түйіндей келе, цифрлық құзыреттілік өз құрылымында білім, білік, дағдыны кіріктіретін, жалпы ақпарат және нақты қажет ақпаратпен жұмыс жасауда цифрлық ресурстарды тиімді таңдау мен пайдалану қабілеті деп анықтаған.

Зерттеудің мақсатына сәйкес магистранттардың цифрлық құзыреттілігінің  қаншалықты қалыптасқанын анықтау көзделді. Анықтаушы экспериментке бірнеше педагогикалық бағытта білім алатын, жалпы саны 141  білімалушы респондент ретінде қатысты.

Магистранттарға "Педагогтың цифрлық құзыреттері" сауалнамасы  ұсынылды, сауалнама 42 сұрақ қамтыды, екі блокқа бөлінді. Зерттеуде сауалнамының нәтижелері келтіріледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абсатова, М. 2024. МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.007.