Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Жарияланған January 2024

114

82

Аңдатпа

Мақала инклюзивті білім беру мен цифрландыру жағдайында мұғалімдердің кәсіби қызметке психологиялық дайындығының өзекті мәселелеріне арналған. Инклюзивті білім беру идеясының таралуы мұғалімдердің психологиялық дайындығы басты рөл атқаратын, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтарды жұмысқа кәсіби даярлау қажеттілігін өзектендіріп отырғандығы баяндалған. Бұған қоса инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге психологиялық дайындық өз кезегінде эмоционалды интеллектіге сүйенетінін атап көрсетіледі. Авторлардың тұжырымдауынша, мұғалімдердің эмоционалды интеллектісін дамыту инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қызметке психологиялық дайындық мәселесін шешуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін игерудегі психологиялық кедергілерді жеңуге, сондай-ақ тез дамып келе жатқан заманауи цифрлық ортаға ауыртпалықсыз бейімделуге көмектеседі. Сол себепті де ол инклюзивті білім беруді цифрландыру жағдайында педагогтерді кәсіби қызметке дайындаудың алғышарты ретінде қарастырылған.
Мақалада эксперименттік жұмыс негізінде жоғары дамыған эмоционалды интеллекті туындаған жүктемелерге (шамадан тыс эмоционалды жүктемелерге) барабар жауап беруге, сондай-ақ оны түзету, алдын алуға мүмкіндік беретіндігі анықталған.
Тәжірибелік эксперимент жұмысы барысында эмоционалды жану синдромын анықтауға арналған тест пен Н.Холлдың эмоционалды интеллект деңгейін анықтау диагностикалары қолданылған. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған арнайы курс пен интербелсенді әдістер мен инновациялық технологиялардың эмоционалды интеллектіні дамытудағы дидактикалық мүмкіндіктері ашылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сардарова , Ж., Кисметова Г.Н, ., Гауриева Г.М, ., Аубакирова С.С, . і Токашова Г.Ж, . 2024. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Січ 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.015.