Сөздердің мағынасын түсіну арқылы әлемнің бейнесін ұғыну мүмкіндігі туады. Сөйлесу - бұл адамның фактілерді, объектілерді және іс-әрекеттерді сөз арқылы жетгізу қабілеті. Сол тұжырымдаманы тиісті сөзбен байланыстыру, яғни сөздің мағынасын анықтау семантикалық өңдеудің арқасында мүмкін болады. Когнитивтік ғылымдағы маңызды мәселе сөздердің мағыналарын адамның танымдық жүйесінде қалай ұсынылатындығы және жіктелуін зерттеу.Ал қоғамдағы аутизмі бар балалардың ең басты белгісі – сөйлеу тілінің бұзылысы. Олардың басым көпшілігінде сөйлеу бұзылысының әртүрлі деңгейінде көрінеді. Әсіресе, сөйлеу тілінің қалыптасуында лексико-семантика жағы маңызды болып табылады. Өйткені, семантика – санаға келген және айтылған сөздің мазмұнын зерттейді. Аутизмі бар балалардың сөйлеу тілінің лексико-семанттика жағы аутизмнің ауырлығына және баланың танымдық қабілетіне байланысты. Осы себепті, түзету және ортаға кіріктіру жұмысында аутизмі бар баланың лексико-семантикасын диагностикалау маңызды. Сондай диагностикалау әдістемелерінің бірі - Н.В. Серебрякова, Л.С. Соломохованың пассивті және белсенді сөздік қордың көлемі мен сапасын анықтау әдісі. Бұл әдістеменің тиімділігін ғылыми зерттеу тәжірбиесі арқылы талдау жасау әрекеті жасалынды.
АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІНІҢ ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖАҒЫН АНЫҚТАУДА Н.В. СЕРЕБРЯКОВА, Л.С. СОЛОМОХОВАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланған December 2023
148
56
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Bekmurat, A. 2023. АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІНІҢ ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖАҒЫН АНЫҚТАУДА Н.В. СЕРЕБРЯКОВА, Л.С. СОЛОМОХОВАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.011.