Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ПОЗИТИВТІ ЖӘНЕ НЕГАТИВТІ АФФЕКТТІҢ БАҚЫТҚА ӘСЕР ЕТУІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған January 2024

115

61

"Тұран" университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Анаргуль Алиакпаровна

Психология ғылымдарының кандидаты, "Психология" кафедрасының профессоры

"Тұран" университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Қарқара Олжасқызы

"Психология" мамандығы бойынша докторант

Аңдатпа

Мақалада Позитивті және негативті аффект шкаласын қазақ тіліне бейімдеу және осы әдістеме арқылы анықталған эмоциялар жиілігінің бақыт деңгейіне әсер ету ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеудің нәтижелері қамтылған. Зерттеу барысында таңдау тобының қалыпты үлестірім заңдылығына сәйкес екендігі тексерілді және осы нәтижеге қарай көрсеткіштерді талдауда параметрлік әдістер қолданылды.  Watson, Clark және Tellegen ұсынған Позитивті және негативті аффект шкаласы қазақ тіліне аударылып, әдістеме ұлт пен тіл ерекшелігіне бейімделді. Жалпы және жеке тармақтар бойынша альфа-Кронбах коэффициенті 0,8-ден жоғары болып, оның сенімділігі статистикалық тұрғыдан дәлелденді. Позитивті және негативті аффект пен Оксфорд бақыт сауалнамасы арқылы алынған көрсеткіш арасындағы өзара байланысты зерттеуде Пирсон бойынша корреляциялық талдау жүргізіліп, позитивті аффекттің бақытпен тура байланысы, негативті аффекттің бақытпен кері байланысы анықталды. Бір факторлы дисперсиялық талдау барысында позитивті және негативті эмоциялар жиілігінің бақытқа әсер ететіні, ал регрессиялық талдау арқылы бақыттың 27,7% жағдайда позитивті аффектке, ал 15,2% жағдайда негативті аффектке тәуелді екендігі анықталды. Зерттеу нәтижесін позитивті психология бағытында жүрген зерттеушілер мен психологтар қазақ тілді тұлғалармен жұмыс жасауда қолдана алады. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Касымжанова, А. і Ахан, Қ. 2024. ПОЗИТИВТІ ЖӘНЕ НЕГАТИВТІ АФФЕКТТІҢ БАҚЫТҚА ӘСЕР ЕТУІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Січ 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.006.