Мақалада сыни ойлау арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру мәселесі қарастырылған және студенттік кезеңдегі психологиялық ерекшеліктері, даму кезеңдері, даму ерекшелігі жан-жақты талданған. «Кәсіби құзыреттілік» және «сыни ойлау» ұғымдарының нақтыланған құрылымы мен мазмұны негізделіп көрсетілген.
Сыни ойлау – бұл білім субъектісінің шығармашылық белсенділігінің нысаны ретінде оқу-танымдық мотивтермен ынталандырылады, олар оны іске асырудың жолдары ғана емес, тұлғаның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, сонымен бірге олардың білім алудағы нәтижесіне әсер ететін факторлардың логикалық байланысын қамтамасыз ете отырып, оқыту әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызу мәселесі қарастырылған.
Сыни ойлау арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жүргізілген контенттік талдауларда қарастырылған, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда басшылыққа алатын тұғырлар, принциптер, әдістер, компоненттер, өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалған.