Мақалада спорттық ұжымдағы қақтығыстар мен ұжымда болатын жағымсыз психологиялық климат проблемаларының өзара байланысын, жеке тұлғалар арасындағы кездесетін қақтығыстарды шешу жолдары қарастырылған. Заманауи қоғамда қақтығыстар барша адамзаттың өмір тіршілігіне және әлеуметтік топтардың дамуына едәуір әсерін тигізетіні, олардың кеңінен таралуы қақтығыс қарым қатынастардың ұжымдағы атмосфераны анықтаушы себептері көрсетіледі.
Мақала мәтінінде спортшылардың спорттық қызметте спорттық дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жеке ерекшеліктері, мінезі мен темпераменті кездеседі. Эмоционалдық қоздырғыштар ретінде кездесетін бұл қарымқайшылықтар, ұжымның психологиялық жағдайына өзінің ерекше ықпалын тигізетіні анықталып, осыған байланысты жаттықтырушылар мен спортшылар қақтығыстық жағдайларда өздерін дұрыс ұстай білуді, ол жағдайларды басқару және оларды шешу жолдары қарастырылған.