Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТТАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТУ – СӨЙЛЕУІН ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

Жарияланған December 2023

100

90

Аңдатпа

Есту қабілеті қоршаған ортадан ақпаратты алудың негізгі құралының бірі. Оның қалыпты дамуы баланың сөйлеу тілінің, сәйкесінше, таным саласының да дамуына оңды ықпал етеді. Алайда бірқатар себептер мен факторлардың әсерінен естудің бұзылысы орын алады. Есту қабілетінің бұзылуы мүлдем естімейтін және нашар еститін балалар тобына бөлінген жіктеменің жасақталуына негіз болды. Есту қабілетінің бұзылысы ерекше білімді қажет ететін балалар тобының бірі бола отырып, олармен жүргізілетін дамыту жұмыстарының әдістемелік кешенін толықтырудың өзектілігін және қажеттілігін айқындайды.Есту қабілетінің мүлдем болмауы жағдайындағы балалардың білім алуы мен әлеуметтенуі шектелген деңгейде ғана болғаны белгілі. Алайда, қазіргі технологияның қарыштап дамыған кезеңінде бұл балалардың мүмкіндіктерін кеңейтетін бірнеше инновациялық құралдардың жасақталғаны белгілі. Олардың бірі – кохлеарлы имплантация.Кохлеарлы имплантация – есту қабілетінің бұзылысы бар балаларда сенсорлық – нейрондық есту қабілетінің жоғалуы болған кезде есту аппараттарының тиімсіздігі немесе тиімділігінің төмендігі жағдайында қолданылатын әдіс. Бұл құрал елімізде соңғы онжылдық көлемінде қолжетімді болып отыр. Аталған құралды орнату жағдайынан кейінгі баламен жүргізілетін жұмыс бірнеше бағыттарды және әдістеменің жүйелілігін қамтиды. Алайда, кохлеарлы имплантация еліміз үшін жаңашылдық болғандықтан, әлі де кохлеарлы имплантациядан кейінгі қазақ тілді балалармен түзету жұмысының жеткіліксіздігі айқын байқалады. Мақала барысында кохлеарлы имплантациясы бар балалармен түзету жұмыстарының ерекшеліктері қарастырылып, негізгі өзгешеліктері айқындалды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сикинбаев. Б.Б., . і Суранчина А.Ж., . 2023. КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТТАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТУ – СӨЙЛЕУІН ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 77, 4 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.77.4.021.