Ғылымда әлеуметтік интеллект көп жағынан зерттеле бастады. Бірақ, барлық дерлік еңбектерде әлеуметтік интеллектінің төменгі деңгейдегі дамуы, әлеуметтік интеллект пен тұлғаның түрлі мәселелері арасындағы байланыс зерттеушілердің басты назарында болады.
Қазіргі уақытқа дейін әдебиетте әлеуметтік интеллектіге негіз, алғышарт, анықтауыш болатын көрсеткіштер мен өлшемдер әр түрлі болып табылады. Және студенттердегі әлеуметтік интеллектінің даму ерекшеліктерін зерттеудің бірдей негіздегі теориялық-әдіснамалық негіздері тұжырымдалмады. Сондықтан, студенттердегі әлеуметтік интеллектінің даму моделін теориялық-құрылымдық мазмұны осы зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқын ашады деп санаймыз.
Бұл зерттеудегі жоғарыда баяндалған бөлім негізінде студенттердегі әлеуметтік интеллектінің дамуындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік беретін теориялық-құрылымдық модельді жобаладық. Мұнда қарастырылған әлеуметтік интеллектінің анықтамалары мен теориялары, психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізудің теориялық-әдіснамалық бағыттары негізге алынды.
Осы тұста «студенттердегі әлеуметтік интеллектінің даму моделі» дегенде біз тұлғалық ішкі өзгерістерді, ерекшеліктерді және оның кәсіби педагогикалық іс-әрекетке, педагогикалық қарым-қатынасқа әсері ретіндегі салдарды сипаттаймыз. Зерттеуде студенттердегі әлеуметтік интеллектінің дамыту мақсат-міндеттерін қоймағандықтан, дамыту моделі де құрастырылмайды. Сондықтан студенттердегі әлеуметтік интеллектінің дамуындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік беретін теориялық-құрылымдық модельге педагогикалық және психологиялық шарттары кірмейді.