Аталмыш зерттеуде білім алушылардың күйзелісінің академиялық үлгерімге әсері салыстырмалы түрде зерттелді. Респонденттер зерттеуге ерікті түрде қатысты және кездейсоқ түрде іріктелді. Күйзелісті қабылдау мен академиялық жетістікті бағалаған өлшемдердің осы зерттеу жұмысындағы сенімділік дәрежесі .70 және одан жоғары коэффициентке тең. Респонденттердің жасы, жынысы, мамандығының бағыты және орташа балл көрсеткішіне салыстырмалы талдау жасалды сондай-ақ, бұл өлшемдер бойынша күйзелісті қабылдауға әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша, ер балалар қыз балаларға қарағанда күйзеліске бейім. Ал, курстық деңгейі бойынша 2-курс кезеңі, білім алушылардың күйзелісіне әсер етуші саты ретінде анықталды. Сондай-ақ, бірінші курс білім алушылары күйзелісті қабылдауға сезімтал екенін байқауға болады. Жыныстық ерекшеліктер бойынша күйзелісті қабылдау коэффициенті университеттің бітіруші курс білім алушыларында айтарлықтай айырмашылыққа ие.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жарияланған March 2024
11
4
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исимова, А. 2024. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 78, 1 (Бер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2024.78.1.021.