Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БІЛІМ АЛУШЫЛАР КҮЙЗЕЛІСІ МЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСҚА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛЫ

Жарияланған October 2023

87

60

ZhezU
Аңдатпа

Түйіндеме. Аталмыш зерттеуде білім алушылар күйзелісі мен академиялық үлгерімдері арасындағы қатынасқа өзін-өзі бағалаудың ықпалы қарастырылған. Зерттеу жұмысына кездейсоқтық тәсілмен жоғары оқу орнының білім алушылары ерікті түрде қатысты. Күйзелісті қабылдау, өзін-өзі бағалау мен академиялық жетістіктерін бағалаған өлшемдердің осы зерттеу жұмысындағы сенімділік дәрежесі .70 және одан жоғары коэффициентке тең. Пирсонның r корреляциясы өлшемі арқылы өзін-өзі бағалау мен оқу үлгерімдері арасындағы байланыстар анықталып, оның нәтижесі бойынша оң r корреляция деңгейі білім алушылардың өзін-өзі бағалауының академиялық үлгерімдеріне тікелей маңызды ықпалын көрсетеді. Сондай-ақ, академиялық өзін-өзі бағалаудың жыныстық ерекшеліктері туралы болжам сыналып, ондағы алынған мәлімет бойынша білім алушылардың өзін-өзі түсінуінің академиялық үлгерімдеріне әсері жыныстық ерекшеліктерге тәуелді емес. Білім алушылар күйзелісі мен академиялық жетістіктері арасындағы қатынаста өзін-өзі бағалаудың рөлі регрессия теңдеуінде де сыналып,  алынған нәтиже бойынша өзін-өзі бағалау енгізілген модельде білім алушылардың күйзелісті қабылдауының олардың академиялық үлгерімдеріне кері әсері маңызды емес. Бұл көрсеткіш жоғары оқу орнындағы академиялық үлгерімді жоғарылату үшін, білім алушылардың тұлғалық дамуы мен күйзелістің алдын алу мен деңгейін төмендету  стратегиялары бойынша тәрбиелік және психологиялық бағыттардағы шаралар мазмұнына екпін берілуінің маңыздылығын көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Исимова A. 2023. БІЛІМ АЛУШЫЛАР КҮЙЗЕЛІСІ МЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСҚА ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.010.