Бұл мақала Honors College бағдарламасы аясында студент жастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және ашуға бағытталған.
Honors College талантты және дарынды студенттерді дамытуға бағытталған жетекші жоғары оқу орындарының озық тәжірибесін ұсынады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары білікті педагогтарды даярлау үшін 2022 жылы пилоттық режимде Honors College жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты студенттерге қосымша білім беру және өндірістік тәжірибе базаларын ұсыну арқылы Қазақстанның мамандандырылған мектептері үшін кәсіби мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Бүгінгі таңда адамның іс-әрекеті оның психологиялық әлеуетімен тікелей байланысты екенін ескере отырып, біз одан әрі психологиялық қолдау және көмек көрсету мақсатында біздің университет студенттерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге тырыстық.
Осы зерттеу аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 230 студенті арасында олардың психологиялық ерекшеліктерін анытқтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 17-25 жас аралығындағы студенттер қатысты.
Студенттердің психологиялық ерекшеліктері әр студенттің жеке айырмашылықтарына байланысты өзгеруі мүмкін екенін түсіну маңызды. Университеттінғ ата-аналардың, достардың және психология мамандарының қолдауы студенттердің сәтті бейімделуіне, оқуына және дамуына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.