Арнайы әдебиеттерді талдау кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясының ішкі жүйесі ретінде өлшеу үшін көптеген әдістердің бар екенін көрсетті: стандартталған өзіне-өзі есеп берулер, сипаттама және өзін-өзі сипаттау түріндегі тест, дескрипторлар тізімі, шкалдық техникалар, контентті талдаумен өткізілетін өзін-өзі сипаттау әдістері, репертуарлық торлар типіндегі идеографиялық әдістер, проективті әдістер. Сондықтан мақалада Жаңа Қазақстан жағдайындағы студенттердің кәсіби даярлау үдерісінде «Мен» концепциясының ерекшеліктерін зерттеуге беретін психодиагностикалық өлшеу құралдарының мүмкіндіктері қарастырылады. Будасси әдістемесі, Столин әдістемесі, H.G. Gough-тың сын есімдерінің тізімі, Дембо-Рубинштейн, Л.Д. Столяренко «Өзін-өзі бағалау тесті», Personal Orientation Inventory, Q-сұрыптау әдісі, Лири, Теннессидің «Мен» концепциясының шкаласы, «Draw a person» test, тақырыптық апперцепция тестісі, М.Кун мен Мак-Партландтың және Self social symbols Tasks әдістемелерінің мазмұны ашылған. Аталған әдістемелер студенттердің «Мен» концепциясын зерттеудегі ерекшеліктері мен олардың зерделеу мүмкіндіктері, модификациялары және қолдану жолдары ашылған. Сондай-ақ берілген әдістемелердің көбісі автормен диссертациялық зерттеу барысында эмпирикалық тәжірибеде апробациясы жасалды және зерттеу жұмысының нәтижелері осы әдістемелердің тиімділігі жайлы ой түйеміз. Әдістемелерді кешенді бірлесіп өткізу барысында студенттердің кәсіби дайындық жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеуде сенімді және валидті септігін тигізеді.
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА «МЕН» КОНЦЕПЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған October 2023
76
64
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
«Мен» концепциясы
«Мен» концепцияны зерттеу
өзін-өзі бағалау
Будасси әдістемесі
Реан әдістемесі
«Мен кіммін» әдістемесі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Матаев, Б., Дүйсекеева, Н. і Сатынская, А. 2023. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА «МЕН» КОНЦЕПЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.005.