Түйіндеме. Аталмыш зерттеу жұмысы университет білім алушылары күйзелісінің оқудағы үлгерімдеріне әсері арасындағы байланысты зерттеді. Зерттеу жұмысына кездейсоқтық тәсілмен бірінші курстан басқа курстардың білім алушылары ерікті түрде қатысты. Күйзелісті қабылдау мен академиялық жетістіктерін бағалаған өлшемдердің осы зерттеу жұмысындағы сенімділік дәрежесі .70 және одан жоғары коэффициентке тең. Пирсонның r корреляциясы өлшемі арқылы күйзеліс пен оқу үлгерімдері арасындағы байланыстар анықталып, оның нәтижесі бойынша теріс r корреляция деңгейі білім алушылар күйзелісінің деңгейінің неғұрлым жоғарылауы, оқу үлгерімінің деңгейінің төмендеуіне, керісінше, күйзелістің деңгейінің төмендеуі, олардың академиялық өнімділіктерінің артатындығын көрсетті. Сондай-ақ, күйзелісті қабылдаудың жыныстық ерекшеліктері туралы болжам сыналып, ондағы алынған мәлімет бойынша күйзелісті қабылдау осы зерттеу жұмысында жыныстық ерекшеліктерге тәуелді емес. Білім алушылар күйзелісінің олардың академиялық үлгеріміне әсері қарапайым сызықтық регрессия теңдеуінде де сыналып, алынған p нәтиже бойынша білім алушылардың күйзелісті қабылдауы олардың академиялық үлгерімдеріне маңызды ықпал етеді. Осы көрсеткіш жоғары оқу орнында академиялық үлгерімді жоғарылату үшін, білім алушылардың күйзелісті қабылдауы және оның алдын алу, күресу стратегиялары бойынша әлеуметтік психологиялық, тәрбиелік шаралар мазмұнында ескерілуін алға тартады.
БІЛІМ АЛУШЫЛАР КҮЙЗЕЛІСІНІҢ ОЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ
Жарияланған June 2023
191
48
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Исимова, А. і Исимова, А. 2023. БІЛІМ АЛУШЫЛАР КҮЙЗЕЛІСІНІҢ ОЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.028.