Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Жарияланған June 2023

86

53

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ педагог-психологтардың эмоционалды зияткерлігін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Эмоционалды және әлеуметтік зияткерлік Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті түлегінің атрибуты болып табылады. Болашақ педагогтар үшін Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағдарлары мен басым бағыттары мәнмәтінінде тьютордың рөлін игеру өте маңызды.

«Эмоционалды зияткерлік» пәні жалпы білім беретін пәндер циклінің таңдау компонентіне жатады. Жұмыс жүктемесі 6 кредитті құрайды, оның ішінде 15 сағат дәріс, 30 тәжірибелік, 98 БӨЖ және 7 БОӨЖ сабақ түрлеріне берілген.

Курстың мақсаты - студенттердің эмоционалды зияткерлік және икемді дағдылар туралы түсініктерін кеңейту; өз эмоциялары мен қоршағандардың эмоцияларын басқару және реттеу бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру; жеткіншектер мен жасөспірімдердің эмоционалды зияткерлігі мен икемді дағдыларын (Soft Skills) дамыту бойынша сарапшыларды даярлау.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Л.К. Ермекбаева, . і І.С.Кеңесбекова, . 2023. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.003.