Шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесі жоғары өзіндік тиімділіктің күрделі әлемдік міндеттерін шығармашылықпен шеше алатын белсенді, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған.
Ұсынылып отырған бұл мақалада шығармашылық қабілеттерді дамытудың өзектілігі негізделеді. Шығармашылық психологиясында қалыптасқан осы құбылыс туралы идеялар берілген. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс- тәсілдері, жалпы шығармашылық қабілеттің психологиялық мағынасы, оның оқушының тұлғалық дамуындағы рөлі қарастырылады. Сондай-ақ кіші мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында эксперименттік-практикалық жұмыс жүргізілген. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілеттерінің деңгейін анықтау эксперименттік жұмыстың мақсаты болып табылған және бұл қойылған мақсат бірнеше міндеттермен нақтыланып шешілген.
Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы анықтаушы экспериментінен алынған нәтижелері бойынша олардың басым көпшілігінің шығармашылық қабілеттері дамуының орташа деңгейіне және төмен деңгейіне ие екендігін көрсеткен. Қалыптастырушы бағдарламаның кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері оң бағаланды.