Мақалада қазақстандық таңдау тобында көлденең қима әдісімен жиналған және әртүрлі жас топтарындағы адамдардың психологиялық әл-ауқатын бағалауға бағытталған зерттеудің эмпирикалық деректері келтірілген. Респонденттердің жас ерекшелік, жыныстық ерекшеліктері, білімі, отбасылық мәртебесі, балалы болу-болмауы және саны, жұмыспен қамтылуы, табысы және спорттық белсенділігі сияқты әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша психологиялық әл-ауқаты зерттелді. Сонымен бірге, респонденттердің психологиялық әл-ауқатының жағымды қатынастары, автономдылығы, қоршаған ортаны басқаруы, тұлғалық дамуы, өмірлік мақсаттары, өзін-өзі қабылдауы, аффект тепе-теңдігі, өмірдің мәні, адам ашық жүйе және интегралды шкаласы ретінде көрсеткіштерінің айырмашылығына талдау жасалынды. Индикаторлары бойынша тұлғалық өсу және адам ашық жүйе ретінде жынысы мен жасына байланысты статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды: 16-19 жастағы әйел респонденттердің тобы бойынша аталмыш көрсеткіштері жоғары болды. Көрсеткіштері бойынша қоршаған ортаны басқару және аффект балансы 41-55 жас аралығындағы және 56-65 жастан асқан екі жыныстағы респонденттер арасында жас бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталды. Осылайша, біз әртүрлі жас топтарындағы респонденттердің психологиялық әл-ауқат көрсеткіштерінде статистикалық маңызды айырмашылықтар бар деген болжамды растадық. Қазіргі әлемдік тәжірибе аясында психологиялық әл-ауқатты зерттеу мәселесінің өзектілігі артып, Қазақстанда ерекше мәнге ие болады деп санаймыз.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Жарияланған October 2023
102
78
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Арганчиева, Д. і Касымжанова, А. 2023. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.003.