Cоңғы жылдары зерттеушілердің психологиялық саулық теориясын зерттеуге деген қызығушылығы артты. Aдамның психологиялық саулығы туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бақыт пен психологиялық саулық тақырыбы соңғы жылдары академиялық ортада да, іскери қоғамдастықта да танымал бола бастады. Бұл жұмыстың мақсаты қазақстандық популяциядағы PERMA-Profiler сауалнамасының шкалаларын психометриялық тексеру және стандарттау болып табылады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін біз PERMA-Profiler сауалнамасын қазақ тіліне аудардық. Аударманың дәлдігі үшін сауалнаманың түпнұсқа нұсқасы және оның бұрын жарияланған орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліндегі нұсқамен салыстырылды. Аударманың соңғы нұсқасы қазақстандық халықтың респонденттеріне ұсынылды. Іріктеменің жалпы көлемі Қазақстан Республикасының аумағында тұратын 619 ерлер мен әйелдер (18 жастан 38 жасқа дейін) құрады. Қазақстандық үлгідегі PERMA-Profiler сауалнамасының ішкі келісімділігі психометриялық талаптарға сәйкес келеді (альфа Кронбаха=,806). PERMA-Profiler сауалнамасын ерлер мен әйелдердің психологиялық саулығын зерттеу үшін психометриялық негізделген диагностикалық құрал ретінде пайдалануға болады.
ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУДЕ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫН БАҒАЛАУДА PERMA-PROFILER САУАЛНАМАСЫ
Жарияланған March 2023
350
201
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Медетбекова А.А, ., Нурадинов .А.С., . і Илиева С.Е., . 2023. ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУДЕ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫН БАҒАЛАУДА PERMA-PROFILER САУАЛНАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.014.