Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАРТ АДАМДАРДАҒЫ СУИЦИДТІК ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ

Жарияланған June 2023

197

68

Университет Туран
Аңдатпа

Мақалада егде жастағы адамдарда суицидтік тәуекелді анықтау бойынша заманауи зерттеулерге әдебиеттік шолу ұсынылады. Бұл шолудың мақсаты – егде жастағы адамдарда суицидтік қауіп факторларын, егде жастағы адамдарда суицидтік қауіп-қатер диагностикасы және оларды келешектегі зерттеулерін талдау және жүйелеу болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қарт адамдар 60-74 жас аралығындағы адамдар, 75-90 жас егде жастағылар болып саналады. 60 жастан асқан жас бірқатар себептерге байланысты аяқталған суицид қаупінің болжаушыларының бірі болып табылады. Мақалада егде жастағы адамдардың суицидтік мінез-құлқының факторларын анықтауға және зерттеуге бағытталған зерттеулер, сондай-ақ осы жас тобындағы суицидтік тәуекелді диагностикалау әдістері талданады. Диагностикалық құралдар қолданудың қарапайымдылығымен қатар, осы жас тобындағы адамдардың танымдық белсенділігінің сақталу дәрежесін де ескеруі қажет.

Қазақстан үшін егде жастағы адамдардың өз-өзіне қол жұмсау  өзекті мәселе болып табылады, өйткені өз-өзіне қол жұмсаудан жалпы өлім-жітім деңгейі бойынша да, егде жастағы адамдар көрсеткіштері бойынша да біздің республика жоғары тәуекел тобына кіреді. Егде жастағы адамдардың суицидтік мінез-құлқы көптеген елдерде денсаулық сақтаудың басты мәселе болып табылады. 65 жастан асқан адамдар халықтың оннан бір бөлігін құраса да, барлық суицидтердің төрттен бірін құрайды.

Мақалада суицидтік тәуекелді бағалаудың ең жиі қолданылатын әдістері талданады. Зерттелетін тақырып бойынша бар әдебиеттерді талдай отырып, авторлар ең көп қолданылатын Бек шкаласы:  суицидтік ойлар шкаласы (BSI), Бек үмітсіздік шкаласы (BHS), Бек депрессия шкаласы (BDI), сонымен қатар:  Суицидті бағалау шкаласы (SUAS), А.Г. Абрумова бойынша ішкі суицидтік мінез-құлық шкаласы болып табылады деген қорытындыға келді. Дегенмен, бұл әдістер егде жастағы адамдарда суицидтік тәуекелді анықтауға бағытталмаған, сондықтан егде жастағы және қарт адамдардағы суицидтік тәуекелді бағалау әдістері іс жүзінде жоқ. Осы тақырып бойынша бар әдебиеттерді талдай келе, авторлар егде жастағы адамдармен жұмыс істеу үшін осындай диагностикалық құралдарды жобалау қажет деген қорытындыға келді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Низамудин, М., Хон, Н., Скляр, С., Гарбер, А. і Джакупов, М. 2023. ҚАРТ АДАМДАРДАҒЫ СУИЦИДТІК ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.023.