Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫН ПСИХОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған May 2021

75

52

Аңдатпа

Мақалада салыстырмалылық теориясын физикалық кеңістіктен психологиялық жазықтыққа трансформациялау мәселесі қарастырылды. Кванттық талдаулар мен метафизикалық модель негізінде жүргізілген зерттеу, А.Эйнштейн теориясындағы кеңістік-уақыттық континуум өлшемін психологияда қолдану мүмкіндігіне талдау жасады. Мәселен, қалыптасқан ахуалды талдау барысында ақпарат, субъективті ойлау, оқиғаның өзі және оған кеңістік пен уақыттың қатынасы қарастырылады. Жағдайды кешенді түрде, кеңінен талдау нәтижесінде біржақтылықтан арылып, тұлға көзқарасы, ой өрісі, жалпы дүниетанымның кеңеюі орнығады. Демек, кісінің бастапқы көзқарасы мен қорытынды көзқарасы өзара байланысты бола отырып, жағдайды таразылауға қатысты, салыстырмалы сипатқа ие. Сондай-ақ, кеңістік-уақыттық континуумға қатысты дәлдік тап қазір және осы жердегі оқиғаға орай, таным мен мінез-құлық арасында өзара байланыс орнату үшін аса маңызды.

Зерттеу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында жүргізілді. Мақаланы әзірлеу барысында ғылыми айналымға “Психологиялық қатынас теориясы” термині жасалып, ұсынылды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
М.П. Оспанбаева 1 2021. САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫН ПСИХОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.10.