Мақала жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетінің деңгейін зерттеуге арналған. Мақалада сыни ойлау қабілетіне анықтама беріліп, жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетінің көрсеткіштері қарастырылады. Жасөспірімдердің ойлауының даму ерекшеліктері мен сыни ойлау қабілетінің деңгейі зерттеледі. Сонымен қатар бұл қабілетті зерттеудің өзектілігі атап өтіледі. Сыни ойлау қабілетінің негізі балалық шақта қалыптасады және жасөспірімдік жаста дамып, жетіледі. Сыни ойлау қабілетін дамыту жасөспірімнің қиын жағдайлардан аулақ болуға және өз ойын білдіруден қорықпауға мүмкіндік береді. Кедергілерді жеңе алмау, сынақтар мен депрессиядан қорқуды уақтылы жеңуге және оқушылардың белгілі бір жағдайларда өмірде жақсы мен жаманды ажырата білу және түсіну қабілетін тәрбиелеу қажет екендігі туралы сыни тұрғыдан ойлану керек. Сонымен қатар, мақалада мектеп базасында оқушылардың сыни ойлау қабілетінің даму деңгейіне байланысты зерттеу нәтижелері көрсетілген.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
Жарияланған June 2023
136
48
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жасөспірімдер сыни ойлау қабілеті, ойлау, сыни ойлау қабілетінің көрсеткіштері, сыни ойлау икемділіктері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурғазинова, З. і Абишева, .Э. 2023. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.013.