Бос уақыт адамдардың өмірлерінің маңызды бөлігі болып табылады. Бос уақытты дұрыс әрі тиімді пайдалану, күнделікті өмірдегі, уайым, күйзеліс, стресс, депрессия сияқты психологиялық ұғымдардан алшақ болуға мүмкіндік беріп, білім алуға, оқып-тануға студенттердің ой-өрісің кеңеюіне ықпал етеді. Мақаланың тақырыбына сәйкес студенттердің арасында шағын зерттеу жүргізіліп, келесідей сұрақтарға жауап беруге тырыстық: 1) Студенттер бос уақыттарын қалай ұйымдастырады? 2) Ұйымдастырылған бос уақыттарының көңіл күйлеріне әсері қандай? 3) Күнделікті оқу үдерісі кезінде ұйымдастырылған бос уақыт үнемі жоспардағыдай іске асырылады ма?
Қазіргі таңда студенттер арасында суицид, кекілжіндер, қылмыс сияқты іс-әрекеттердің орын алуы, бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмағандығының салдарынан әлем деңгейінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Дұрыс ұйымдастырылған бос уақыт көптеген қоғамдық қиын мәселелерінің болуына жол бермейді, себебі шағын зерттеу барысында анықталғандай бос уақыт көбінесе студенттің қызығушылығына қарай ұйымдастырылады, өз қалауымен іс-әрекетті орындаған студент толықтай өз уақытын сол бағытта жұмсайды. Мақаладағы қарастырылған сұрақтар бойынша, студент жастардың бос уақыттарын ұйымдастырылуын зерттеп, қарастыруға мүмкіндік алдық.
Түйін сөздер: жастар, бос уақыт, жоғарғы білім, студент, ұйымдастыру, басқару.