АҢДАТПА
Мақалада Денелік-Мен феноменіне ғылыми теориялық талдау жасалады. Денелік-Мен мәселесін зерттеуге арналған жұмыстарды қарастырған кезде, осы тақырып аясында қолданылатын ұғымдар мен терминдердің кейбір қарама-қайшылықтары, сондай-ақ оны зерттеу тәсілдерінің көп бағыты анықталады. Шетелдік және кеңестік ғалым- психологтарының кейбір зерттеулеріне сүйене отырып, осы мәселенің психологиялық қырларын ашу мақсатқа алынады. Бүгінгі таңда бұл проблема әсіресе, отандық психология ғылымында ерекше өзектілікке ие. Алғаш зерттеуге ие болып отырған зерттеу деп айта аламыз. Денелік психологиясындағы эмпирикалық зерттеулердің көпшілігі дене имиджін зерттеуге арналған.