Covid-19 салдарынан тұтастай әлем тап болған белгісіздік жағдайы зерттеушілердің назарын өзіне аудартуда. Мақалада пандемия жағдайындағы адамдардың тәжірибесі мен мінез-құлқының белгісіздікке толеранттылыққа қатынасы (белгісіздікке толеранттылық-белгісіздікке интолеранттылық) тұрғысынан талдауы жүзеге асырылған. Зерттеу қазақ тілінде жүргізілді. Зерттеуде пайдаланылған диагностикалық құралдар алдын ала аударылып, қазақ тіліне бейімделген. Әрбір диагностикалық әдістеменің сенімділігінің жоғары коэффициенті алынды: В. В. Распопиннің «Стресс көздеріне төзімділік шкаласы «(α-Кронбах - 0,963), С. Баднердің «Белгісіздікке толеранттылық және интолеранттылық шкаласы» (α-Кронбах - 0,850), Д. Маклейннің «Белгісіздікке толеранттылық шкаласы» (α-Кронбах - 0,895), М. А. Ролник, С. Хезер, М. Голд және К. Холлдың «Өзгерістерге тұлғалық дайындық» әдістемесі (α-Кронбах - 0,937), Х.Е.Плат және П.Рихтердің «Шаршау - Монотония - Зерігу - Стресс» әдістемесі (α-Кронбах - 0,931), Л.В. Куликовтың «Басым күйді анықтау» әдістемесі (α-Кронбах - 0,962). Зерттеу нәтижелері бойынша адамдардың белгісіздікке толеранттылыққа қатынасының жыныстық және жас ерекшелік ерекшелітерін айқындайды.
ТҰЛҒАНЫҢ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жарияланған October 2023
84
82
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
белгісіздік, белгісіздікке толеранттылық, белгісіздікке толеранттлыққа қатынас, белгісіздікке интолеранттылық, тұлға.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Bapayeva, S., Касымжанова, .А., Васько , Т., Мырзатаева , Б. і Ахметжанова , М. 2023. ТҰЛҒАНЫҢ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.009.