Тұлғаның коммуникативтік қабілеттерін зерттеуге арналған жұмыстардың едәуір санына қарамастан, бүгінгі таңда ЖОО-да оқыту процесінде техникалық мамандық студенттерінің даму ерекшеліктері мен детерминанттары ұсынылатын зерттеулер жеткіліксіз.
Адамның коммуникативтік саласының дамуы мен қызмет етуі қарым-қатынас, тұлғааралық өзара әрекеттестік және кәсіби қатынастар мәселелерімен тікелей байланысты. Коммуникативтік қабілеттерін дамытудың жеткіліксіз деңгейі техникалық мамандық студентінің практикалық қызметіндегі көптеген маңызды проблемаларға әкеледі. Осыған байланысты тұлғаның коммуникативтік саласын зерттеу психологиялық ғылымда ерекше назар аудару тақырыбына айналады. Қазіргі кезеңде психологиялық детерминантты анықтау және болашақ техникалық мамандық студенттерінің коммуникативтік қабілеті мен құзыреттілігін мақсатты дамыту қажеттілігі өзекті болып отыр.