Қазіргі кезеңде психологтардың кәсіби маңызды қассиеттері, оларды жоғарға оқу орындарында дайындау барысында маңызды роль атқарады. Кәсіби маңызды қасиеттердің даму деңгейлері өзінің мамандығына деген қанағаттануының негізгі шарты болып есептеледі. Психологтардың мамандықтарының сауатты түрде психологиялық сипаттама жасау, осы сипаттама негізінде психограмма құру болашақ психолог-мамандардың өзінің мамандығына деген кәсіби дайындығын білдіреді.
Осы пікірлерге сүйене отырып, психолог қызметінде маңызды тұлғалық қасиеттердің ішінде эмпатия (бірге әсерлену), тіл табысқыштық (коммуникабельность), жауапкершілік сезімі, тәуеліздік (независимость), эмоционалдық тұрақтылық, тыңдай алу қасиеті жоғарғы интеллект, креативтілік және рефлексия қасиеттерін негізге аламыз