Жұмыстың мақсаты тренинг жүргізу барысында жасөспірімдердің сыни тұрғыдан ойлауын зерттеу болды. Бұл зерттеуде жасөспірімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға психологиялық әсер етудің бір түрі ретінде тренингтер алғаш рет сыналды. Зерттеуге Алматы қаласындағы «№117 ЖББМ» КММ 8-сыныптың 40 оқушысы қатысты. Бұл жұмыста 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бойынша тренинг сабақтарының бағдарламасы ұсынылады. Жасөспірімдік шақ - жеке рефлексия, өзін-өзі тәрбиелеу және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының жоғарылау кезеңі. Осылайша, сыни ойлауды дамыту өзін-өзі позитивті сәйкестендіру, өзін-өзі тану және тұлғалық өсу үшін қажет.
ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған February 2023
218
750
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М.Н. Нұғыманова, . і Б. Д. Жигитбекова, . 2023. ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2452.2022.27.36.028.