Мақалада девиантты мінез-құлыққа бейім жеткіншектердің өзіне қатынасының ерекшеліктері қарастырылады. Девианттылыққа бейім балалар ретінде мінез-құлқы «қиын» жеткіншектер алынған. Себебі, мінез-құлқы «қиын» балалар девиантты балалар қатарына қосылудың тәуекел тобына енеді.
Мінез-құлқы «қиын» жеткіншекердің қалыпты балалармен салыстырғанда девиантты мінез-құлыққа бейімділігі жоғары.
Жеткіншек жасында өзіндік сана сезім қарқынды дамиды. Сонымен қатар, өзіндік сана сезім тұлғаның дамуының шарты болып табылады. Тұлғаның өзіндік сана-сезімі - тұлғаның өзін қоршаған әлемнен бөліп, өз болмысын анықтап, өзінің өткеніне, қазірі мен болашағына қатынасын өзгертуге қатысатын психикалық процестердің жиынтығы. Өзіндік сана-сезім адамға өз ішкі әлемін танып, бастан кешіре отырып, оны бейнелеуге және өз-өзіне белгілі бір түрде қатынас жасауға мүмкіндік береді, яғни, өзіндік сана-сезім - бұл өзіне деген танымдық қана емес, сондай-ақ эмоциялық, көбінесе саналанбаған қатынас.
Девиантты мінез-құлыққа бейім жеткіншектердің өзіндік сана сезімінің өзіндік ерекшеліктері сипатталған.