Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ИНТЕРНЕТ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМАЛ TIKTOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАТЫНАСЫ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған June 2023

104

37

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік желілер феноменінің ерекшеліктері, сондай-ақ олардың адамдардың құндылықтары, өмірлік ұстанымдары және әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасуына тигізіп жатқан әсері мен маңыздылығы қарастырылады. Талдау объектісі ретінде жаңадан пайда болып, ел арасында танымалдылығы артып келе жатқан ТikТok әлеуметтік желісі таңдалды. Интернет қолданушыларының TikTok әлеуметтік желісіне деген эмоционалды қатынасы зерттеу пәні болып табылады. Әр түрлі мемлекеттерде тұратын TikTok әлеуметтік желісі пайдаланушыларының пікірлерін жан-жақты саралау мақсатында контент-талдау әдісі қолданылды. Контент-талдау барысында 10 категория негізінде 7 мемлекеттегі 114 пайдаланушының 2021 жылы жариялаған пікірлеріне зерделеу жүргізілді. Талдаудың негізгі категориялары: пайдаланушылар тұратын мемлекеттер, жазылған пікірлердің эмоционалды фоны, қосымшаның жұмысына берілген орташа бағасы, ТТ әлеуметтік желісінің артықшылықтары мен кемшіліктері және тағы басқа. Жинақталған материалдарды талдау нәтижесінде ТТ танымалдылығына себеп болған тетіктер, сондай-ақ аталған әлеуметтік желінің адамдар үшін тартымды және жағымсыз қырлары, оның таралу ауқымы мен эмоционалды қабылдау ерекшеліктері айқындалып отыр.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оразбаева, А. і Гитихмаева, Л. 2023. ИНТЕРНЕТ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМАЛ TIKTOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАТЫНАСЫ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 75, 2 (Чер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.75.2.030.