Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ КӘСІБИ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ЫҚПАЛЫ

Жарияланған February 2023

381

149

КазНУ им.аль-Фараби
Аңдатпа

Соңғы жылдары эмоционалды интеллект құбылысына (EQ) ғылыми қызығушылық артып келеді, бұл күшті эмоционалды шиеленіс пен күйзелісті сезіну қабілетінің күйзеліс-қорғаныс факторы болып саналады, бұл осы саладағы зерттеулердің жоғары өзектілігін тудырады. Әлеуметтік қызметкерлеріне эмоционалды интеллект жұмыс үшін маңызды дағды болып табылады және күйзеліске оң ықпал жасайды деп саналады. Эмоционалды интеллект өзін-өзі және басқалардың эмоцияларын тану және эмоцияларды басқару қабілеті ретінде анықталады. Әлеуметтік қызметкерлер көбінесе халықтың осал топтарымен жұмыс жасауда өздерінің шынайы сезімдерін жасыруға мәжбүр болған кезде эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Мұндай тәжірибелер күйзеліске реакцияның бір бөлігі ретінде ағзадағы ауырсыну сезімдрін тудырады, оған лезде жауап беру мүмкін емес, өйткені жұмыста осы сезімдерден шығу мүмкіндігі шектеулі. Эмоционалды тұрақтылықты және нәтижесінде әлеуметтік қызметкердің кәсіби дағдыларын арттыру эмоционалды интеллектіні дамыту арқылы мүмкін болады. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін эмоционалды интеллектіні зерттеудің әлеуетті маңыздылығына қарамастан, оны әлеуметтік жұмыс жағдайында қолдану туралы мәліметтер аз. Бұл мақала эмоционалды интеллекттің әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі рөлі, оның дамуы, анықтамалары мен мәселелерін қарастыру туралы пікірталасты ынталандыруға арналған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Aubakir, A., Amirbekova, M. і Nurkatova., M. 2023. ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІСІНІҢ КӘСІБИ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2557.2022.34.28.020.