Аңдатпа
Мақалада «діни сенім» ұғымы әртүрлі ғалымдардың көзқарасы тұрғысынан талданады. Қазіргі жастардың діни сенімді түсінуі, оның саналылық деңгейі мен жастардың өмірінде көріну дәрежесі мәселелері қарастырылады. Діни сенімнің негізгі төрт аспектісіне тоқталып, жастардың діни сенімге көзқарасы мен оның мінез-құлқына ықпалы туралы айтылады. 2022 жылы жүргізілген студенттердің діни сенімді түсіну дәрежесін ашатын эсселеріне психологиялық зерттеу жүргізу барысында алынған деректер, сондай-ақ жастардың діни сенімге көзқарасын көрсететін А.Эткиндтің түстік сынағының нәтижелері, ұсынылған. Зерттеу №1409-ФС-22 гранттық жоба аясында жүргізілді.