Сәйкестілік мәселесі қазіргі психологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары бұл бағыт ерекше қарқынмен дамып келеді: жаңа теориялық модельдер ұсынылып, жаңа үлгідегі сауалнамалар құрастырылып, кеңінен қолданылуда. Зерттеулер ауқымы да айтарлықтай кеңейді, олар тек үрдістер, өлшемдер мен стильдер арасындағы өзара байланыстарды талдаумен шектелмей, сәйкестіліктің қалыптасу барысындағы даму траекторияларын, сондай-ақ оның алғышарттары мен салдарын да қамтиды. Бұл мақалада қарастыралатын модельдердің басым бөлігі соңғы бірнеше жыл ішінде жан-жақты зерттелген. Тұлғалық сәйкестіліктің жаңа модельдері сәйкестіліктің қалай қалыптасатынына (үрдіске бағдарланған модельдер, сәйкестілік стильдері), сәйкестілік мазмұнына (нарративті сәйкестілік) немесе осы екі бағытты қатар қамтуға (мысалы, үрдіске бағдарланған парадигма аясында сәйкестіліктің әртүрлі салаларын зерттеу) басымдық береді. Сонымен қатар, адамның өз әлеуетін тану арқылы өзінің сәйкестілігін анықтауға негізделген бағыт та бар, ол эвдемониялық сәйкестілік деп аталады.
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ТҰЛҒАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ
Жарияланған March 2026
32
29
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
сәйкестілік
тұлғалық сәйкестілік
сәйкестілік статусы
сәйкестілік стильдері
эвдемониялық сәйкестілік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ордагулова, Д., Сарсенбаева, Л. і Гарбер, А. 2026. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ТҰЛҒАЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 82–91. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.008.

