Мақалада білім беруді цифрландыру мәселелері, бұқаралық ақпарат құралдарының және цифрландыру деңгейінің балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіне әсеріне байланысты психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі қарастырылады. Ғылыми мақаланың негізгі идеясы – балаларды неғұрлым тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мақсатында білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың жұмысын автоматтандыруға арналған цифрлық платформаның негізгі элементтеріне теориялық шолу. Психодиагностикалық процесті басқарудың әртүрлі формаларына бағытталған ғылыми зерттеулерге шолу жасалды. Сондай-ақ, педагог-психологтардың оқу-тәрбие процесін тиімді түзету, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мақсатында ынтымақтастық, әріптестік, сыртқы ортамен ақпараттық алмасу мәселелерінде жұмысының тиімділігін арттыру үшін психологиялық хаб құру мәселелері талданған.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру аясында AP19677493 жобасын қаржылық қолдауы негізінде орындалды. Гранттық жоба тақырыбы «Білім беру мекемелерінде балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау үшін «I-psychodiagnostics.kz» Smart (платформа) қамтамасыз етуді әзірлеу» деп аталады.
