Мақала жылдан-жылға өзектілігі артып отырған мәселе суицидке арналып отыр. Қай кезеңде де өз-өзіне қол жұмсайтындар болғанымен, соңғы жылдары жастар арасындағы суицидтің қатары көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Мұның себебін психолог мамандар алуан түрлі себептермен түсіндіреді. Көпшілігі бүгінгідей озық технологиялар мен аласапыран уақытта жас буынның әрекеті ата-ананың назарынан тыс қалған деген пікірге саяды. Оның ішінде жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері қазіргі таңда ерекше назар аударуды, зерттеу жұмыстарын талап етіп отырған мәселе. Авторлар зерттеу тақырыбына қатысты теориялық материалдарды терең талдап, суицидтік әрекеттердің себептерін ашқан. Тәжірибелік эксперимент жұмысында Леонгардтың «Акцентуациялық типті анықтау» әдістемесі, В.А.Жмурованың «Депрессивті жағдайдағы дифференциальды диагностикалық» әдістемесі, "Үй, Терек, Адам" әдістемесі, «Субдепрессиялық жағдайдағы төмен көңіл – күй әдістемесі» әдістемелеріне сүйене отырып, жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алудың психологиялық ерекшеліктерін ашуға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін жүргізген. Диагностикалық кешен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысын сауатты ұйымдастырудың негізі ретінде қолдану тиімділігі тұжырымдалған.
ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ПРОФИЛАКТИКИ СУИЦИДАЛЬНОГО ПОВЕДЕНИЯ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ
Опубликован June 2022
146
173
Аннотация
Язык
Қазақ
Как цитировать
[1]
Сардарова , Ж. и ., А.З.У. А.А. 2022. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ПРОФИЛАКТИКИ СУИЦИДАЛЬНОГО ПОВЕДЕНИЯ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ. Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Психология. 70, 1 (июн. 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.35.