Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Психология

КӨПЭТНОСТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Опубликован December 2021

127

138

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАН
Аннотация

Көпэтностық қоғамдағы толерантты қатынастардың болуы табиғи, мәжбүрлемейтін ынтымақтастыққа, әртүрлі мәдениеттегі адамдардың жақындасуына әкеледі. Көпэтностық қоғамдағы толеранттылықты дамытуға әр түрлі тұлғааралық қақтығыстардың алдын алудың, бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі ретінде үлкен үміт артылады. Сондықтан, қазіргі жағдайда, әр түрлі әлеуметтік, жас, тендерлік және басқа топтардың жас ұрпақтарының толеранттылығының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері сәйкестікті қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық бағдарламаларын сәтті дамытудың және жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Мақаланың зерттеу нысаны Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ер және әйел студенттері болып табылады.

Автордың зертеу барысында қойылған мақсатыкөп этникалық қоғамдағы студенттердің толеранттылығын дамыту ерекшеліктерін зерттеу.

Мақаладағы эмпирикалық зерттеуге көп этникалық қоғамдағы студенттердің толеранттылығының даму ерекшеліктерін зерттеу және сипаттау үшін эмпирикалық зерттеу бағдарламасын әзірлеу жатады.

Зерттеу барысында жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдарының сенімділігі және эмпирикалық зерттеу ережелерін сақтаумен дәйекті түрде қолданумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар,  басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру және статистикалық маңызды заңдылықтарды анықтауға жеткілікті іріктеу мөлшерін, математикалық статистика мен компьютерлік деректерді өңдеу аппараттары қолданылған.

pdf (Қазақ)
Язык

Қазақ

Как цитировать

[1]
BOLAT, Z. 2021. КӨПЭТНОСТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Психология. 69, 4 (дек. 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7847.17.