Мақалада балалардың өз әлеуетін ашып, оларға қолжетімді мүмкіндіктер аясын түсінуге көмектесетін бейін алдындағы дайындықты дамыту мәселесі қарастырылады. Көмекші мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде еңбек тәрбиесі, оқыту, кәсіби бағдар беру және оқушыларды жұмысқа орналастыру мәселелері негізгі орын алады, өйткені олардың шешілуі ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың әлеуметтік бейімделуінің сәттілігіне тікелей байланысты.
Бейін алдындағы дайындық пен қолдау педагогикалық қызметтің мақсатты бағыты ретінде қарастырылып, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың болашақта кәсіби қызмет саласын таңдауына мүмкіндік беретін психологиялық қолдау, ақпараттық ағартушылық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қамтиды. Зерттеу барысында кәсіби бағдар беру процесінде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Шетелдік және отандық ғалымдардың осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарын жалпылау және арнайы педагогтардың бейін алдындағы дайындыққа қатысты практикада кездесетін бірқатар қиындықтарын жан-жақты талдау негізінде авторлар мынадай тұжырым жасайды: көмекші мектеп оқушылары еңбек дағдылары мен жалпы тәжірибелік дағдыларды ең жақсы түрде 7-8-сыныптарда меңгереді. Таңдалатын мамандыққа қатысты түсініктер, әдетте, практикалық сипатқа ие болады, бұл мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшелігі мен осы уақытқа дейін алынған дағдылармен байланысты.
Зерттеу мақсатын анықтау үшін шетелдік және отандық әдебиеттерге шолу жасалып, мүмкіндігі шектеулі жоғары сынып оқушыларымен жартылай құрылымдалған сұхбаттар жүргізілді. Оқушының еңбекке қабілетін психологиялық-педагогикалық зерттеу медициналық-педагогикалық комиссияның тексеруінен басталып, оқу мерзімі бойы жалғасады. Жеке тұлғаның интегративті қасиеттері (мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары және қимыл-қозғалыс сапаларының жай-күйі) мен оқу-еңбек қызметіне дайындығы анықталады. Тәжірибелік жұмыс барысында кәсіби қызығушылықтар мен ниеттерді қалыптастыруға ықпал ететін жағдайлар анықталып, нәтижесінде оқушылардың саналы түрде мамандықтаңдауынажағдайжасалды.
Мәліметтерді талдау әдісіретінде категорияларды жіктеу формуласы пайдаланылды. Эмпирикалық зерттеу нәтижесінде көмекші мектеп оқушыларымен кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуде олардың кәсіби бейімділіктеріне сүйене отырып, кейбір педагогикалық ұсыныстар жасалды.
