Мақалада толық емес отбасындағы жасөспірімдер акцентуациясын эксперименттік зерттеудің нәтижелері талданады.
Деструктогендік, ажырасқан , сәтсіз және қатаң авторитарлы отбасындағы балаларда невроздардар көп пайда болады. Үйлесімді емес отбасы акцентуациялық мінездің шамадан тыс бой алуына әсер етеді. Мұндай отбасында ата - аналардың біреуі шамадан тыс доминантты жағдайға ие, ал екіншісі тым тәуелді позицияға ие болуымен сипатталады. Шынайы серіктестік жоқ.
Ата-ана тәрбиесі стилінде эмоционалды қарым қатынас маңызды элемент болып саналады. Ата -ананың екеуінің де позициясы бірдей болуы шарт.Толық емес отбасында балада ер азаматтық идентификацияның болмауынан мінез ерекшелігінде өзерістер болуы ықтимал.Осы мәселеге байланысты толық емес отбасындағы жасөспірімдер акцентуациясын эксперимент жүргізіглен.
Зерттеуде К.Леонгард - Н.Шмишек сауалнамасы және Айзенк тестісі бойынша нәтижелер көрсетілген..
Диагностиканың мақсаты: мінез-акцентуациясының көріну түрі мен дәрежесін анықтау.
Зерттелушілер: 13-15 жас аралығында толық емес емес отбасында тәрбиеленген жасөспірімдер